Uluslararası Yunus Emre Sosyal Bilimler Dergisi

Uluslararası Yunus Emre Sosyal Bilimler Dergisi

ЖҮНІС ӘМІРЕ МЕН АБАЙ: РУХАНИ САБАҚТАСТЫҚ

Yazarlar: ["Danday ISKAKULI"]

Cilt - , Sayı , 2022 , Sayfalar -

Konular:-

Anahtar Kelimeler:Юнус Эмре,Абай Құнанбайұлы,Рухани сабақтастық,Сопылық әдебиет,Түрік поэзиясы.

Özet: Түрік әдебиетінің маңызды өкілдерінің бірі Юнус Эмренің өлеңдерімен қазақ оқырмандары тәуелсіздік алғаннан кейін ғана кездесе бастады деуге болады. Юнус Эмренің «Диуаны» қазақ тіліне Әубәкір Нілібаев, Мәлік Отарбаев және Светқали Нұржанов тарапынан аударылған. Қазақстанның Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан Юнус Эмре институты да Юнус Эмрені, сондай-ақ түрік әдебиеті мен түрік мәдениетін Қазақстанда таныту мақсатында бірқатар іс-шараларды жүзеге асырады. Юнус Эмре өмір сүрген дәуірде мәдениет пен әдебиеттің тілі парсы тілі болғанымен, Юнус түрік тілінде жазып, жырлаған. Ақынның өлеңдеріне қарасақ, сопылық идеясының алға шығатыны байқалады. Юнус Эмре поэзиядағы күшін Түркістанда өмір сүрген және сопылық ағымның негізін қалаушы Қожа Ахмет Яссауиден алады. Яссауидің хикметтері мен, Юнустың өлеңдері салыстырылғанда кейбір ұқсастықтар байқалады. Юнустың өлеңдеріндегі махаббат – иллаһи махаббат. Юнустың айтуынша, тәрбиенің мақсаты – жүректі тазарту. Алла жүрек арқылы танылаы. Адам жүрек тәрбиесімен жетіледі; жүрегі қандай болса, адамы да сондай. Иманды адамның жүрегі нұрланып тұрады, ол қайрат пен ақылға бағынбайды, жақсылыққа қуанады, жамандыққа ермейді. Ақиқат аулын тапқан жүрек алдамайды, алаламайды, адалдықтан айнымайды. Ғасырлар өтсе де, қазақ ақыны Абай да өз өлеңдерінде Юнус айтқан жүрек тазалығына назар аударады. Бұл мақалада түрік ақыны Юнус Эмре мен қазақ ақыны Абайдың өлеңдеріндегі оқсастықтарға назар аударылып, түрік мәдениетінің сабақтастығын қамтамасыз ететін рухани мұраға тоқталатын болады.


ATIFLAR
Atıf Yapan Eserler
Henüz Atıf Yapılmamıştır

KAYNAK GÖSTER
BibTex
KOPYALA
APA
KOPYALA
MLA
KOPYALA